Бюджет тапшылығы 1 трлн 355,5 млрд теңге болды
Фото: egemen.kz
Ұлттық экономика министрі елдің қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады.
Министрлік дерегі бойынша, қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік бюджетке 7 540,7 млрд теңге түсім келген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 6 трлн 140,2 млрд теңге. Ал шығыстар 8 трлн 72,6 млрд теңге болып, бюджет тапшылығы 531,9 млрд теңге көлемінде қалыптасқан.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 26 трлн 418,9 млрд теңге (59 млрд АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-нің 21,9%-ына тең болды. Мемлекеттік борыштың 86%-ы Үкімет борышы (22 трлн 718 млрд тг немесе болжамды ЖІӨ-нің 18,8%-ы)", делінген министрлік мәліметінде.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кепілдіктер мен кепілгерліктерді қоса алғандағы мемлекеттік борыш 2023 жылдың басымен салыстырғанда 4,1% ұлғайып, 27 трлн 728,4 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде ішкі борыш – 18 трлн 013,4 млрд теңге немесе болжамды жалпы ішкі өнімнің 14,9%-ына, сыртқы борыш 9 трлн 715 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімінің 8,1%-ына тең.