KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Шығысқазақстандықтардың зейнетақы жинағы 832,5 млрд теңге көлемінде

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 22:46 287

Осы жылдың 1 наурызында елде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының көлемі 15,1 трлн теңгеге жеткен.
ranking.kz  дерегі бойынша ШҚО зейнетақы жинағы бойынша алғашқы бес аймақ қатарында тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жинақ көлемі бірден 11,4%-ға, яғни 1,5 трлн теңгеге ұлғайған. Бұл жарналар түріндегі кіріс ағындары мен инвестициялық кіріс есебінен артқан.
Жарнаның барлық түрінде жинақтың өсуі байқалған.
Бір жылда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары 21%-ға өсіп, 466,4 млрд теңге сомасын құраған.
Алматыда зейнетақы жинағының мөлшері 2,8 трлн теңгені құрап, өңірлер арасында көш бастап тұр. Бұл елдегі жалпы көлемнің 18,5%-ын алады. Екінші орынға 1,4 трлн теңге көлемімен Астана жайғасқан. Ал үшінші орындағы Қарағанды облысында зейнетақы жинағы 1,2 трлн теңгеге жеткен.
Одан кейін Шымкент (1,2 трлн теңге) және ШҚО (832,5 млрд теңге) орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу