KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Доллар бағамы өсті

Фото: egemen.kz

30.06.2023, 11:44 395

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451-455 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451–455 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ал Алматыда доллар 451,5–454,5 теңге аралығында құбылып тұр.

29 маусым кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 3,75 теңгеге қымбаттап, 454,18 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,13 теңге, Ресей рублі үшін – 5,22 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,11–5,24 теңге аралығында, Астанада 5,10-5,20 теңге аралығында сатылып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу