Доллар 445-452 теңгеден сатылып жатыр
Фото: egemen.kz
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар 445-452 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445,5–449,5 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы қаласында доллар 448,5 – 452,5 теңге аралығында сатылып жатыр.
16 маусымның кешіндегі сауда қорытындысы бойынша, орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 450,66 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,99 теңге.
Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27 – 5,51 теңге аралығында сатылып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,28-5,38 теңгеден сатылған.