Бүгінгі доллар бағамы қандай?
Фото: egemen.kz
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ал Алматыда доллар бағамы 447,5-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
26 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 86 теңгеге қымбаттап, 450,08 теңге болған.
Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,06 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,32 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,23-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,2-5,34 теңгеден сатылып жатыр.