KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр

Фото: egemen.kz

21.06.2023, 10:59 234

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ал Алматыда доллар бағамы 447 – 450 теңге аралығында құбылып тұр.

20 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,93 теңгеге қымбаттап, 448,30 теңге болған.

Ұлттық банктің 21 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,30 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,33 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,21 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,25 - 5,35 теңгеден сатылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу