Әзербайжанға жиі ұша аламыз
Фото: ht.kz
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстері саны көбеюде.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
ИИДМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қол қойылған Хаттамаға сәйкес, екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді.
Қазақстан тарапынан Хаттамаға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Әзербайжан тарапынан – Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды.