KZ
Өскемен
-29°
туман Штиль
449.88 486.64 4.83

Қазақстан - Әзірбайжан арасында тікелей рейстер қайта ашылады

24.01.2023, 19:30 342 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасында тікелей рейстер қайта ашылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады.

Осылайша, Әзірбайжан әуекомпаниясы биыл 10 наурыздан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай – ақ 11 наурыздан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив