KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, СШ
479.23 534.96 5.16

Заңға қатысты көмекті тегін алатын азаматтардың санаты артты

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 11:38 153

ҚР Азаматтық процестік кодексіне өзгеріс енгізіледі. Яғни, енді тегін заң көмегін алатындар қатары кеңейеді.

Бұған қоса, қандай да бір іске «қорғалуға құқығы бар куә» мәртебесінде қатысып жатқан азаматқа тегін адвокат көмегін алу мүмкіндігі берілмек, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттардың бастамасы бойынша тегін заң көмегі мынадай мәселелері бар адамдарға көрсетіледі:

- алимент өндіріп алу туралы даулар бойынша талап қоюшыларға;

- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын даулар бойынша талап қоюшыларға;

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өмірлік қиын жағдайда жүрген талап қоюшыларға;

- техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген залалды өтеу бойынша талап қоюшыларға көрсетіледі.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив