Тәжікстаннан 3500 тонна гуманитарлық көмек жетті
Фото: novoetv.kz
Тәжікстаннан еліміздің тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына 61 вагон гуманитарлық көмек келді. Аталған жүк Түркістан облысының «Сарыағаш» темір жол станциясына келіп жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен бірге Тәжікстаннан 15 жүк көлігіне тиелген көмек те жеткізілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тәжікстаннан жалпы 3500 тонна гуманитарлық көмек қабылданды.
– Қазақстандағы қиын жағдай біздің де жанымызға батты. Бейжай қарап отыра алмадық. Біздің елімізде күрделі мәселе туындаса, ең көп көмек жолдайтын ел – Қазақстан. Сондықтан Тәжікстан президентінің шешімімен осы гуманитарлық керуенді жеткізіп отырмыз. Біз стратегиялық серіктес елдер ретінде бір-бірімізді қолдап тұруымыз керек, – деді Тәжікстан Республикасы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Рустам Назарзода.
Құрылыс материалдары мен азық-түлік тиелген гуманитарлық керуен су басқан аймақтарға жіберіледі.
Оқи отырыңыз