ШҚО-дан Абай облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді
Шығысқазақстандықтар Абай облысына гуманитарлық көмек жібереді.
AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өрттен зардап шеккен Абай облысының халқына гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Екі жүк көлігіне 6 тонна гуманитарлық көмек тиелді. Мұның ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, жеке басқа арналған гигиеналық заттар және басқа да қажетті заттар бар.
AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында гуманитарлық көмекті қабылдау пункті әлі де жұмыс істеп тұр. Қабылдау пунктінің мекенжайы: Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі, 121.
Оқи отырыңыз
ШҚО-дан Қостанай облысының тұрғындарына 35 тонна гуманитарлық көмек жіберілдіСемейде Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинап жатыр (ВИДЕО)ШҚО-да Арыс тұрғындарына арналған гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылдыАрысқа Шығыстан 190 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберіледіАягөзден Қостанайға гуманитарлық көмек керуені жөнелтілді