KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 3 м/с, В
472.49 515.44 5.41

Әнші Моргенштерн Қостанайға гуманитарлық көмек жіберді

Фото: super.ru

8.04.2024, 22:17 2 740 Айжанат Бақытқызы

Рэп орындаушы Алишер Моргенштерн Қостанайға гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін жіберді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Орындаушы гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге көмектесетін қоры арқылы жібергенін мәлімдеді. 

«Қостанай, Қазақстан сіздерге де гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігі жиналып жатыр. Қазір біз «Крокус», Орск және Қостанаймен айналысып жатырмыз. Егер сіз осы жағдайлардың құрбаны болсаңыз – ботқа жазыңыз. Пайдаға кенелемін немесе бізді алдаймын деп ойласаңыз – жүзіңізді бүкіл әлем көреді. Зардап шеккендердің бәріне біз туралы айтыңыздаршы, өтініш. Ақша көп, қалауыңызға қарай анонимді болатынына кепілдік беремін», – деп жазды Моргенштерн Telegram-арнасына. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив