KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

Мамырда ауа райы құбылмалы болады – Қазгидромет

Фото: freepik.com

22.04.2024, 21:08 129 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» осы апта мен мамыр айының алғашқы күндеріне ел аумағындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Әсіресе аптаның ортасына қарай солтүстік өңірлерде нөсер болжанып отыр.  Шығыс және Солтүстік Қазақстанда түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Осы аптаның соңына қарай еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Батыста, оңтүстік және оңтүстік шығыста 25-30 градустан 15-20 градусқа дейін төмендейді. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күндіз 5-13 градусқа, түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін төмендейді деп болжануда, – деді «Қазгидромет» өкілі Жұлдыз Исабекова.

Маманның айтуынша, мамырдың басында ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі.

– Жаңбырмен қоса жел күтіледі. Сәуірдің соңғы күндері күн жылынып, мамырдың басында қайта суиды. Сондай-ақ жалпы мамырда жоғары температура болжанып отыр, еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа райы кей күндері 35-40 градус, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 25-35 градус ыстық күтіледі. Ыстық күндер жауын-шашынмен ауысып отырады. Сондықтан солтүстік аймақтарда түнде үскірік болуы мүмкін, – дейді ол.

Сондай-ақ «Қазгидромет» өкілі мамырда елімізде ауа райының құбылмалы болатынын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив