KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

29.04.2023, 09:00 315 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жасады.

Сәуір айының соңғы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, республиканың көп бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ аралас жаңбыр жауады деп болжануда.

Ел аумағында бұл күндері жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Апта соңында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде түнгі уақытта – 1-7 градусқа дейін, шығыста - 1−10 градусқа дейін. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив