ШҚО-да 16-19 сәуір аралығында түнде жаңбыр қарға ұласады
pixabay.com
Синоптиктердің болжауынша, 19 сәуірден кейін шығыста түнде ауа райы 10 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйеніп.
Синоптиктердің болжамынша, 13-19 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжануда, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жаңбыр қарға ұласады: 14-15 сәуірде Ұлытау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Қарағанды облысында, 14, 17 сәуірде Қостанай облысында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16-19 сәуір Шығыс Қазақстан облысында.
Жауын-шашын еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде 17 сәуірден бастап, республиканың солтүстігінде 19 сәуірден бастап тоқтауы күтіледі.