KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Елімізден металл сынықтарын шығаруға тыйым салу уақыты ұзартылды

Фото: metalmininginfo.kz

25.04.2024, 11:30 124 Айжанат Бақытқызы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан аумағынан түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

5 мамырдан бастап алты ай ішінде Қазақстаннан әкетуге тыйым салынады:

- көліктің барлық түрлері: мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары, қорғасын аккумуляторларының қалдықтары мен сынықтары, пайдаланылған қорғасын аккумуляторлары;

- автомобиль және теңіз көлігінің түрлері: қара металдардың қалдықтары мен сынықтары, балқытуға арналған қара металдардың құймалары;

- автомобиль және теңіз көлігінің түрлері: пайдаланылған құбырлар, рельстер, теміржол төсемінің элементтері және жылжымалы құрам.

Бұйрық 2024 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив