Қазақстанда балықтың кейбір түрлерін шетелге шығаруға тыйым салынады
Фото: gazeta-hmrn.ru
Экология және табиғи ресурстар министрі «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу туралы» 2024 жылғы 19 қаңтардағы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- ҚР аумағынан, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: жаңа ауланған немесе салқындатылған, мұздатылған балық (көксерке), жаңа ауланған немесе салқындатылған, мұздатылған сом балық (африкалық сом балығын қоспағанда) және басқа да тұщы су балықтарын әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, - делінген құжатта.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетіне тыйым салу енгізілгені туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету ұйғарылды.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз