Ел туризміне салынған инвестиция көлемі 69 пайызға өсті
Фото: depositphotos.com
Биылғы сегіз айда туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 527,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69%-ға көп. 2023 жылдың алғашқы 8 айында инвестициялар 311,8 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Жыл соңына дейін елімізде 148 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірлерде шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған бастамалар туристік инфрақұрылымды жақсартуға және туристерді көбірек тартуға бағытталған.
Биыл 64 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл да туристік саланы дамытуға және туристерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.