Интернеттегі қауіпсіздікті қалай сақтау керек?
depositphotos.com
Цифрлық даму министрлігі 2029 жылға қарай киберқауіпсіздік туралы халықтың 100% хабардар болуына қол жеткізу мақсатында киберқауіптер туралы хабардарлықты арттыру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтынасілтемежасап.
ОКҚ-да өткен брифингте Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов бұл көрсеткішке жету үшін не істеп жатқанын түсіндіріп берді.
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы азаматтарды интернеттегі қауіпсіздік үшін қарапайым ұсыныстарды орындауға шақырды:
- Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.
- Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.
- Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.
- Антивирус бағдарламаларын пайдалану.
- Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.
- Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
- Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.
- 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.
- Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.