Сенатта ақпараттық қауіпсіздік туралы заң қаралды
Фото: egemen.kz
Парламенттің жоғарғы Палатасының баспасөз қызметі ұсынған дерекке сәйкес, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады.
Заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге және тағы он заңға өзгеріс пен толықтыру енгізуді көздейді, деп хабарлайды Altaynews.
— Қаралып жатқан түзетулермен уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қосымша функция беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ұлттық мүддені қорғау және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иммигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынудың міндетті тетігін енгізу көзделіп отыр. Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады, — деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз
Саусақ ізін тапсыруда жеке мәліметтердің қауіпсіздігі сақтала ма?Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың жеке мәліметі рұқсатсыз таралғанын растадыSaqbol. COVID-19-ға шалдыққандар өзінің жақын жерде екенін жасырын хабарлай аладыБиыл 176 ауыл интернетке қосыладыҚазақстанда шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін