Жания Бекмұхамбетова Мысырда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
ҚР ҰОК
Қазақстанның үстел теннисі құрамасының мүшесі Жания Бекмұхамбетова Мысырдың Исмаилия қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі санатта өнер көрсеткен 11 жастағы Жания Бекмұхамбетова 7 матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Жас спортшы биыл тамыз айында Хорватияда өткен халықаралық турнирде де жеңімпаз атанған болатын. Бұл жеңістер Жанияның спорттық шеберлігін көрсетіп, оның Қазақстандағы үстел теннисінің болашағына үлес қосып келе жатқанын дәлелдейді.
Оқи отырыңыз