Болашақ аналар мен әкелердің денсаулығы – басты назарда
stock.adobe.com
Шығыс Қазақстанда болашақ ата-аналардың денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Мырзабекқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінде репродуктивті жастағы әйелдер мен ер азаматтардың денсаулығы — еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай, республика бойынша барлық медициналық ұйымдарда ашық есік күндері өтуде. Бұл шара аясында тұрғындар тегін кеңес алып, профилактикалық тексерулерден өте алады.
Мамандардың айтуынша, болашақ ата-аналар өз денсаулығына ерте жастан көңіл бөлуі тиіс. Уақытылы тексеріліп, қажетті профилактикалық шаралардан өту – ана мен баланың денсаулығын сақтаудың ең тиімді жолы.
Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды ашық есік күндері мен басқа да скринингтік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырады. Бұл – салауатты ұрпақ тәрбиелеудің алғашқы қадамы.