Алматы облысында Қарулы Күштерге тиесілі тікұшақ радардан жоғалды
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен арнайы техникасы жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз
Камчаткада тікұшақ құлап, 22 адам қаза таптыТікұшақта қаза тапқандардың толық тізіміБүгін Ақтөбе облысынла тікұшақ апаттық жағдайда қонып, бір адам қаза таптыДәурен Қосанов Қорғаныс вице-министрі - Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалдыАлматы маңындағы ұшақ апаттынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр