Дәурен Қосанов Қорғаныс вице-министрі - Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды
Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған құжатта.
Оқи отырыңыз