KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Алматы маңындағы ұшақ апаттынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр

27.12.2019, 04:26 304

Алматы маңындағы ұшақ апаттынан зардап шеккендер №4 аурухана мен балалар «Жедел медициналық көмек» орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді»,-делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді. Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды. Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағында апатқа ұшыраған. Қазіргі мәлімет бойынша тірі қалғандар бар. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу