KZ
Өскемен
-17°
снег жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Қазақстанда 15,6 миллион еңбек шарты тіркелді

gov.kz

1.09.2025, 12:00 225 Төлеуғазы Жансая

Елімізде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБШ) еңбек нарығын цифрландырудың басты құралдарының біріне айналды. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жүйеде 15,6 миллионнан астам еңбек шарты тіркелген. Оның ішінде 6,2 миллионы – белсенді шарттар. Тек осы жылдың өзінде шамамен 1,9 миллион жаңа шарт жасалып, олардың 31 мыңнан астамы HR Enbek порталы арқылы электронды форматта рәсімделді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, HR Enbek порталында жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Енді жұмыс берушілер ұжымдық шарттарды электрондық түрде тіркей алады. Қазіргі таңда жүйеде 8 мыңнан астам ұжымдық шарт бар.

Сонымен қатар, портал арқылы жұмыс берушілер еңбек инспекциясына жазатайым оқиғалар туралы да хабарлай алады. Бүгінгі күнге дейін 103 жағдай тіркелген.

Қызметкерлер үшін де ыңғайлы сервистер енгізілді. Енді HR Enbek-тен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары туралы мәлімет алып, оны бірден жұмыс берушінің жеке кабинетіне жолдауға болады. Биылдың өзінде 25,3 мыңнан астам парақ осылай жіберілген.

Өткен жылдан бері портал арқылы салалық, жергілікті және бастапқы кәсіподақтарды тіркеуге, сондай-ақ оларға мүшелікке өтуге мүмкіндік берілді. Қазіргі уақытта жүйеде 42 кәсіподақ тіркелген: оның 21-і салалық, 15-і жергілікті және 6-ы бастапқы ұйымдар.

HR Enbek-тің мүмкіндіктері жыл сайын кеңейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл еңбек қатынастарын ашық жүргізуге, қағазбастылықты азайтуға және жұмысшылардың құқықтарын қорғауға үлкен үлес қосады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу