Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Фото: kun.kz
Tanda.enbek.kz порталында бос жұмыс орындары бойынша онлайн-жәрмеңкелер өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жұмыс берушілер онлайн-жәрмеңкелер арқылы өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта таба алады. Жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейнежазба түрінде сұхбаттаса алады.
"Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған", – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz порталында бірқатар онлайн-жәрмеңке өткізіліп, оған 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам жұмыс іздеуші қатысты.