KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Ұжымдық шарт енді онлайн түрде жасалады: HR Enbek порталында жаңа мүмкіндік іске қосылды

Фото: pexels.com

11.06.2025, 17:00 259 Айна Ескенқызы

Қазақстанда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы ұжымдық шартты енді онлайн түрде бекітуге болады. Бұл жаңа мүмкіндік HR Enbek порталы арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұрын ұжымдық шартты жасау үшін қағазбен жұмыс істеп, көп уақыт пен құжат тасуға тура келетін. Енді барлығы электронды түрде, оңай әрі ашық өтеді.

Ұжымдық шарт қалай жасалады?

Жаңа жүйе мынадай ретпен жұмыс істейді:

  • Кәсіподақ өкілі порталдағы жеке кабинетке кіріп, ұжымдық шарттың жобасын дайындайды.
  • Дайын жобаны жұмыс берушіге жібереді.
  • Жұмыс беруші келіссе, құжат автоматты түрде еңбек инспекторының қарауына жолданады.
  • Мемлекеттік инспектор заң талаптарының сақталуын тексеріп, мақұлдайды.
  • Тек осыдан кейін ғана жұмыс беруші құжатқа қол қоя алады.

Барлық тараптар (кәсіподақ, жұмыс беруші, инспектор) әр кезең туралы автоматты түрде хабарлама алып отырады. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, жоба кері қайтарылады немесе түзетулер енгізіледі.

Тағы қандай артықшылықтар бар?

  1. Қол қойылған шартты кез келген уақытта ашып көруге немесе жүктеп алуға болады;
  2. Құжаттың түпнұсқалығын QR-код арқылы тексеруге болады;
  3. Бұл әдіс еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтеді, жұмыс берушінің міндеттемелерін ашық етеді;

Ең бастысы – бұл еңбек қатынастарын цифрландыруға жасалған маңызды қадам.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу