KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Сағыр тұрғындары таза ауызсумен қамтылады – ШҚО

25.04.2023, 19:00 356 Оразай Жеңісұлы

Биыл Ұлан ауданының Сағыр ауылында құбыр тарту жұмысы аяқталып, тұрғындар ауызсумен толық қамтылады.

Бұл туралы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде тікелей эфирде есеп берген Аблакет ауылдық округінің әкімі Арслан Ағланбеков айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгінде Сағыр, Мамай батыр, Бестерек, Желдіөзек ауылдары енетін округте 4170 адам тұрады. Осыған дейін негізінен мал өсіріп келген ауылдық округтегі шаруалар соңғы жылдары егін шаруашылығын да дамыта бастады.

– Сағырда наубайхана мен балалардың ойын алаңы ашылып, жарықтандыру жұмысы жүргізілді. Желдіөзекте блокты-модульді станция орнатылып, ауыл халқы түгелдей ауызсумен қамтылды. Мамай батыр ауылында да су құбырлары тартылып, ескі көпір жөнделді. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі – 32596 гектар, оның 4974 гектары – егістік, 3724 гектары – шабындық, 23893 гектары – жайылым. Оған қоса, округте 206 гектар суармалы алқап бар, – дейді Арслан Ағланбеков.

Сонымен қатар бүгінде ауылдық округ аумағындағы пайдаланылмай немесе мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерлер қайтарылып жатыр. Осындай шаралар аясында жерлерін пайдаланбаған 17 адамның учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару қолға алынған. 

– Округ орталығы – Сағыр ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауызсу құбырларын жүргізу өткен жылдан бері жалғасып келеді. Биыл аталмыш жұмыстар мамыр айында қайта басталып, қыркүйекте толық аяқталмақ. Нәтижесінде ауыл тұрғындары толықтай ауызсумен қамтылатын болады. Сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында былтыр Сағырда үш, Мамай батырда екі қоспәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Осылайша, он отбасы баспанамен қамтылды. Биыл аталған бағдарлама жалғасып, Сағыр және Мамай батыр ауылдарында көпбалалы отбасыларға арналған қоспәтерлі алты үй салынады, – деді округ әкімі.

Биыл бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру, Бестеректе хаб және балалардың ойын алаңын салу, Мамай батыр ауылындағы Болашақ және Заречный көшелерін жарықтандыру, бір көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар осы жылы бұл ауылдың орталығына футбол алаңын салу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив