Ынтымақ бар жерде өсу де, өрлеу де бар – Әскерхан Ақтай
Бүгін Қазақстан халқы бірлік күнін тойлап жатыр. Өңір-өңірде мерекелік іс-шаралар легі басталып та кетті. Осы орайда Шығыс өңірінің жұртшылығына ақын, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай лебіз білдірді.
– Қадірменді шығысқазақстандықтар! Татулық пен тұрақтылық мекені асқар Алтай баурайында мекен етіп жатқан барша шығыс жұртын және этнос өкілдерін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақта «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Ырыс алды – ынтымақ» деген сөз бар. Береке мен ынтымақ бар жерде өсу де, өрлеу де, ырыс та болады. Мемлекетіміздегі татулық пен тұрақтылыққа барлық адам үлес қосу керек әрі мүдделі болуға тиіс деп ойлаймын. Себебі ортақ Отанымыз – Қазақстанымыздағы бейбітшілік пен өркендеу бәрімізге тікелей байланысты.
Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде Астанада 26-27 сәуір күндері өткен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясына қатыстым.
Алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның елімізді саяси тұрғыда жаңғыртып, жалпыұлттық тұтастықты нығайту ісінде маңызды рөл атқарғанына назар аударды. "Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этносты мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттерін шешу ісіне жұмылдыруға ықпал етті", – деді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Қазақстан паспорты біздің бірлігіміз бен татулығымызға негіз болған прогрессивті құндылықтарды бейнелейді. Өз кезегінде көк байрағымыз – қасиетті тәуелсіздігіміз бен көпғасырлық мемлекеттілігіміздің жарқын белгісі. Туымыз ірі халықаралық спорттық жарыстарда және басқа да сондай шараларда жоғары көтерілген сайын, біздің бойымызды елімізге деген мақтаныш сезімі кернейді. Даңқты отандастарымызды – спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар деп атайды. Бұл – табиғи құбылыс. Солай болуға тиіс», – деді. Демек, Қазақстандағы барлық этностар қазақ ұлтының бірегейлігін әйгілеп, ортақ құндылық пен бірлікке топтасуы тиіс екендігіне тоқталды. Бұл аса маңызды, елдегі тұрақтылыққа барынша ықпал етіп, ел бірлігін бекемдей түсетін сөз деп ойлаймын.
Ел ішінде бірлік пен ынтымақ, ортақ Отанымыз Қазақстанда даму мен тұрақтылық болсын!

Оқи отырыңыз