KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

ТЖД құтқарушылары домбырамен соғыс жылдарындағы әндерді орындады

5.05.2023, 09:00 347 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылары Жеңіс күніне орай соғыс жылдарындағы «Катюша» мен «Смуглянка» әндерін ұлттық аспап – домбырада орындады.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Отан үшін жанын қиғандар мен ардагерлерге деген құрметі мен ізетін көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естелік челленджіне мектеп оқушылары да қатысты, ал "Мұрагер" бағдарламасы бойынша домбыра үйретуші Талғат Әбішев музыкалық "ұжымға" жетекшілік етті. 
   – Соғыс жылдарындағы әндер – сол уақыттың үлкен тарихы, өршіл рухты оятатын жырлар. Соғыс тақырыбындағы әндердің мәтіні мен әуені қиын-қыстау жағдайда солдаттарға рух беріп, елі мен жерін қорғауға жігерлендірген. Біздің қала мектебі оқушыларымен бірлескен музыкалық «тандем» түрлі ұрпақтар мен патриоттық сезімдерді түйістірді. Өкінішке қарай, жыл сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады, бірақ олардың ерлігі туралы естеліктер ұмытылмайды, мәңгі есте, – деп атап өтті ШҚО ТЖД кадр саясаты басқармасының бастығы Айдын Мұстафин. 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу