KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тіл мамандарына арналған республикалық семинар-тренинг өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

15.05.2023, 10:47 390

12 мамыр күні ШҚ лингвистикалық орталығы «Озық тәжірибе – ортақ әдіс» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды. Шараға республикалық, қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтарының мамандары мен оқытушылары қатысқан. 

Семинар-тренинг шеңберінде елдің әр аймағындағы тіл орталықтарының мамандары баяндама оқып, тәжірибесін ортаға салды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семинар барысында Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы онлайн режимде қатысып, «Сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әмбебап жаттығулар жүйесі» атты баяндама оқыған. Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының өкілі және Абай облысы лингвистикалық орталығының өкілдері тіл үйренуге қатысты өзге де сауалдар турасында баяндады. Семинар кезінде аудандардан жиналған оқытушылар шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасты.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу