KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Облыстық кітапханада Пушкиннің шығармашылығы ұлықталды – ШҚО

Фото: gov.kz

7.06.2023, 15:28 258

6 маусымда Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада әйгілі қаламгердің туған күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Таңертеңнен бастап кітапхана алаңында сол дәуірдің музыкасы шырқалып, әдеби көрме, танымдық викторина мен квест ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара шеңберінде жазушының Қазақстанға жасаған шығармашылық сапарының нәтижесі туралы баяндайтын «Ұлылар үндестігі: Абай мен Пушкин» әдеби экспозициясы  ұсынылды.

Мереке барысында қаламгердің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтіп, кейін кеш мерекелік бағдарламамен жалғасқан. Ақынның өлеңдері ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай тілдерінде оқылып, шығармашылық ұжымдар ән шырқады.

– Бұл күнді дәстүрлі мереке ретінде жыл сайын атап өтіп келеміз. Бұл күн – тек Пушкиннің тойы емес, бұл күн – поэзияның тойы, өлеңнің тойы, бұл күн – өлеңсүйер, жырсүйер қауымның тойы. Пушкинді қазақ әдебиеті Абай арқылы таныды. Абай шығармашылығында Пушкиннің орны өте үлкен. Абай қазақ даласына Пушкинді танытты. Тек қазақ даласына танытып қана қоймай, Орта Азияға Пушкиннің шығармашылығы Абайдың аудармасы арқылы келді. Пушкиннің шығармалары өміршең болатын себебі, күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды жырлаған ақынның шығармалары қашан да өміршең, қашан да мәңгілік болады әрі ұмытылмайды, – дейді ақын Әскерхан Ақтай.

Оқырмандар кітапхана сайтында орналастырылған «Абай және Пушкин» көрмесін қызықтай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив