KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Антикор денсаулық сақтау қызметкерлері қатысқан семинар өткізді – ШҚО

Фото: gov.kz

19.06.2023, 10:17 232

Облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде семинар өтті.

Семинарға ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері мен комплаенс-офицерлері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Семинар барысында комплаенс-офицерлердің қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелер және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде туындайтын сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар комплаенс институтын дамытудың заңнамалық негіздерін талқылап, үлгілік ережелер бекітті.

Шара барысында комплаенс-мамандардың біліктілігін арттыру және комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын жақсарту мәселелеріне басымдық берілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив