KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Энергетика саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі - ШҚО

5.12.2022, 17:08 430 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының қалаларын жылумен жабдықтауға қатысты соңғы оқиғаларға байланысты энергетика саласында жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілмек.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті 29 қарашадан бастап Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстағы департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады. Бұл жайында антикор өзінің телеграмм-арнасында жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Талдау барысында департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету, бақылау-рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру (оның ішінде белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр желілеріне қосылуға рұқсат беру мәселелері бойынша, энергияөндіруші және энергияберуші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге дайындық паспортын беру және т.б.) кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау маңызды.

- Құрметті облыс тұрғындары, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әркімнің пікірі маңызды. Сондықтан, шетте қалмауды және азаматтық ұстаным танытуларыңызды сұраймыз. Көрсетілген мәселеге қатысты ақпарат, шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, analiz-vko@mail.ru электрондық мекенжайына немесе 8 775 778 80 99 WhatsApp нөміріне  жолдай аласыздар, - делінген ақпаратта.
 


Автор: Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу