KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Білікті маман: ШҚО-да қанша грант бөлінді?

Фото: batys.info

23.06.2023, 21:06 775 Мадина Амангелдіқызы

Елімізде «Білікті маман» жобасы жүзеге асырылып келеді.

 ШҚО-да 2017 жылдан бастап мектеп және колледж түлектерінің шетелдің жоғары оқу орындарына кетуін азайту мақсатында «Білікті маман» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жоба аясында жергілікті бюджет есебінен жыл сайын білім беру гранттары бөлінеді. Атап айтқанда, 2017 жылы 200 білім беру гранты, 2018 жылы – 446, 2019 жылы – 400, 2020 жылы – 400, 2021 жылы – 410, 2022 жылы – 450 грант. Осылайша, 6 жыл ішінде түлектерге жергілікті бюджет есебінен 2306 білім беру гранты бөлінген. Грант бөлуде өңірдің экономикасына қажетті мамандарға басымдық беріледі.

– Биыл еңбек нарығын есепке ала отырып білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, өндіріс және құрылыс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және биоресурстар, медицина бағыттары бойынша 270 білім беру грантын бөлу жоспарланған, – дейді С.Аманжолов атындағы университет жанындағы түлектерді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйла Төлеубайқызы.

Жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуден өту міндетті. Биыл талапкерлер ҰБТ-ны бес рет тапсыру мүмкіндгіне ие болған. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін, гранттар конкурсына қатысу үшін мамыр-маусым айларында негізгі ҰБТ-ны 2 рет тапсыру қажет.

– Бүгінгі таңда осы жобаны іске асыру аясында оң нәтижелер бар, яғни мектеп түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі 1800-ден 298-ге азайды, – дейді білім басқармасының өкілі Ләззат Кездікбаева.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу