ШҚО әкімі: Домбыра — ұлттық болмыстың символы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өңір жұртшылығын Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Құрметті шығысқазақстандықтар! Бүгін елімізде ерекше мереке - Ұлттық домбыра күні аталып өтуде. Домбыра - қазақ халқы үшін қасиеті жоғары әрі ұлттық болмыстың символы іспеттес. Сиқырлы әуенінде Ұлы даланың бүкіл тарихы, көшпенділер рухы және ұлттың баға жетпес байлығы жатыр. Ғасырлар бойы домбыра халықтың мұң-мұқтажы мен ізгі ойын жеткізіп, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін білдіріп келеді. Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, сәттілік пен амандық тілеймін! Домбыраның сазды әуені әр үйге қуаныш сыйласын!" — деді облыс әкімі.