Балалар қылқаламынан шыққан суреттердің көрмесі өтіп жатыр – ШҚО
Фото: gov.kz
1 шілдеде Астана күніне орай Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Өз астанаңды бейнеле» атты сурет көрмесі ашылды.
Ниет білдірген адамдар көрмені 6 шілдеге дейін тамашалай алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Көрмеге «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының, ҚР Суретшілер одағының ШҚ филиалының жанындағы балалар мен ересектерге арналған «Горный ручей» шығармашылық даму орталығының жас суретшілері салған жұмыстар қойылды.
Көрменің модераторы – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, суретші, фотограф Мерей Қайнарұлы.
Шараны өткізген ұйымдастырушылар Астана күнін атап өту арқылы әр жастың бойындағы отансүйгіштік пен елге деген құрметті арттыруды мақсат тұтқан.