Тұрғындар судан манекен алып шықты – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО ТЖД, Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары, еріктілер, ҚР Қызыл Жарты Ай ШҚ филиалының өкілдері су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған акция ұйымдастырды.
Қаладағы жағажайлардың бірінде тұрғындар «суға батып бара жатқан» манекенді құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Акция барысында ШҚО ТЖД мамандары азаматтардың құтқару шеңбері мен өзге құралдарды қолдануын, суға батқан адамды жағаға шығару әдісін білуін, зардап шеккен адамға медициналық көмекті дұрыс көрсете білу машығын тексерді.
Ниет білдірген азаматтарға сүңгуірлер мен құтқарушылар, еріктілер жетекші болып, көмекті дұрыс көрсету жолдарын айтты.