KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: egemen.kz

19.07.2023, 16:08 314

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 20 шілдеде күндіз ШҚО-ның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с жел соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскемен қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Облыс аумағында және Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі бәсеңдемейді.

ШҚО ТЖД сақтық шараларын орындау қажеттігін еске салады.

ТЖ туындаған жағдайда «101», «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу