KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
484.37 531.06 5.05

Шетелдіктер туралы уақтылы хабарламаған 7 мекемеге айыппұл салынды

Фото: egemen.kz

25.07.2023, 18:34 185

ШҚО-да елге келген шетелдіктер туралы уақтылы хабарламаған 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің иелері жауапқа тартылды.

Көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайын тексеру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандар сонымен қатар қабылдаушы тұлғалар шетелдіктердің келуі туралы хабарлауын да тексеріп жатыр.

Жыл басынан бері полиция органдарына шетелдік қызметкерлердің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 7 заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал өндірілген айыппұлдың мөлшері 10-нан 20 АЕК аралығында.

Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар 3 күн ішінде Көші-қон қызметіне шетелдіктердің болуы туралы хабарлауға міндетті екенін еске салады. Уақтылы хабарламаған жағдайда қабылдаушы тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив