KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

Шығыста Тәжікстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүр

13.12.2021, 15:14 315

"Мигрант" жедел профилактикалық іс - шарасы аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай ауданы Зубовск ауылындағы ЖШС бірінде құрылыс материалдарын дайындау бойынша еңбек қызметімен заңсыз айналысқан Тәжікстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

-  Аталған бұзушылық үшін ЖШС - мен мердігерлік шарт жасасқан жеке кәсіпкер мемлекет кірісіне 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, шетелдіктер сот шешімімен әрқайсысы 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, - дейді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Шетелдік қызметкерлердің заңды тұлғаға қатысты болғаны туралы полиция органдарын уақтылы хабардар етпегені үшін заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көші-қон қызметі қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар өздерінде шетелдіктердің болуы туралы 3 күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті екенін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу