KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 4 шетелдік азамат анықталды

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 15:05 241

Шығыс Қазақстан облысының аумағында заңсыз жұмыс істеген 4 шетелдік азамат елден шығарылды.

Дерекке сүйенсек, оларға 5 жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Шетелдіктердің елге келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыс жүргізеді.

– Шілде айында көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке секторды тексеру барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үй салумен еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 4 азаматын анықтады, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Келу мерзімін бұзғаны және заңсыз еңбек қызметі үшін шетелдіктер сот шешімімен елден шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелдіктерге 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынады.

– Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін әкімшілік кодекстің екі бабымен жауапқа тартылды, ол мемлекет кірісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, – деп сөзін толықтырды Ринат Шкибаев.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасы көші-қон саласында бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни еңбек қызметін жүзеге асыру және елде рұқсатсыз тұрып жатқан шетел азаматтары, сондай-ақ оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу