KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары 100% қаржыландырылды

1.08.2023, 12:30 286

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов қазіргі таңда мердігерлермен жасасқан 11 келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстарына 280 адам тартылғанын айтты. Алдағы уақытта жұмысшылар санын тағы 40 адамға көбейту жоспарланып отырған көрінеді.

Проблемалық және өзекті мәселелерді талқылайтын техникалық кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына ЖЭО мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері кірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қаржылық және басқа да ресурстар жеткілікті. Жобаны қаржыландыру 100 пайыз қамтамасыз етілген. Республикалық және облыстық бюджеттен толық көлемде қаражат бөлінді. Енді бізге тек қарқынды арттыру керек, – дейді Мұрат Байжүменов.

Қазіргі уақытта барлық алты қазандықта (жоғары қысымды үш қазандық және орташа қысымды үш қазандық) күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылып жатыр. Қазандықтарға қажетті құбырлар әкелінді. Бойлерге (жылу алмастырғыштарға) қажетті жез құбырлар алдымен Өскемендегі Согра ЖЭО-на жөнелтіледі. Содан кейін олар Риддерге жеткізіледі.

Дерекке сүйенсек, материалдарды жеткізу кестеге сай іске асырылып жатқан көрінеді. 31 шілдеде ЖЭО-ға қатты отынға арналған конвейерлерге қажетті жабдықтар жеткізілді. Қажетті жұмыстар атқарылғаннан кейін оларды агрегаттарға орналастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив