KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Қазандықтан тағы да ақау шықты – Риддер

18.04.2023, 09:41 288 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласының тұрғындары тағы да жылу жүйесіне шағымданып жатыр. «Риддер ЖЭО» АҚ желісіндегі судың температурасы небәрі 31 градус көрінеді.

Кейінірек жылу орталығында тағы апат болғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Түнде жоғары қысымды қазандық апатқа байланысты қуат көзінен ажыратылып, резервтік қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура бір күн ішінде біртіндеп көтеріледі, – деді Риддер әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив