KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
509.75 594.67 6.46

Демалыс күндері ШҚО-да 1300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: egemen.kz

8.08.2023, 15:05 445

Елдің шығысында демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамту және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ден астам тұрғыны құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жаяу жүргіншілер 220-дан астам бұзушылыққа жол берді (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі), қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізу бойынша 182 дерек анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), 87 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), 6 жүргізуші көлікті масаң күйде басқарғаны үшін ұсталды (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), 6 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін жазаланды (ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабы 3-бөлігі).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу