Үш күнде 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/2023-07/whatsapp-image-2023-07-20-at-15_40_09-1.webp)
Фото: Өскемен қаласының ПБ парақшасынан алынды
17-19 шілде аралығында Өскемен қаласының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел-профилактикалық шарасы өтті.
Шараның үш күнінде 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары шара аясында ойын-сауық орындарын (ойын клубтары, кафе, түнгі клуб, тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен супермаркеттер және т.б.), көшелер мен аулаларды тексеріп, спорт-жаттығу алаңдарын, оқу орындарының аумағын, саябақтарды аралады.
Осы уақыт ішінде 85 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 3 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша 1 мекеменің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша 60 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша 2 дерек, 437 бабы бойынша 1 факт, 440-бабы 1-бөлігі бойынша 1 дерек, 492-бабы 1-бөлігі бойынша 9 дерек және өзге де құқық бұзушылықтар бойынша 8 дерек тіркелген.
Өскемен қаласының ПБ дерегінше, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бір бала орналастырылды.
Кәмелетке толмаған 6 бала есепке қойылды, алдын алу есебіне 6 қолайсыз отбасы қойылған көрінеді.