KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 7 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да демалыс күндері мас күйдегі 13 жүргізуші анықталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

1.08.2023, 17:46 177

ШҚО полиция қызметкерлері өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Өткен демалыс күндері ШҚО-ның 13 тұрғыны тәртіп бұзып, мас күйде көлік жүргізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

30 шілдеде түнгі сағат 01.45 шамасында «Өскемен-Рахман қайнарлары» жолын патрульдеу барысында Алтай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған «ВАЗ-21093» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жүргізілген сараптама жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйде екенін көрсетті.

Сол түні сағат 04.53-те «Subaru» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Өскемен-Семей» тасжолында тоқтатылды. Облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны орташа дәрежелі масаң күйде болған.

Өткен жексенбіде Өскемен қалалық батальонының патрульдеу қызметі 39 жастағы тұрғын басқарған «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші орташа дәрежедегі мас күйде көлік жүргізген.

Алкогольдік мас күйде тәртіп бұзғандардың автокөліктері мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚбТК 608-бабы 1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу