KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 1,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: egemen.kz

11.07.2023, 12:02 387

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүру ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1500-ден астам тұрғыны құқық бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дерекке сүйенсек, оның ішінде 212 тұрғын қауiпсiздiк белдігiн пайдалану қағидаларын орындамағаны үшін, 42 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), 8 адам жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) жауапқа тартылған. Сонымен қатар масаң күйде автокөлік басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 12 жүргізуші ұсталды.

                      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу