KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Құтқарушылар шұңқырға құлап кеткен адамды құтқарды – ШҚО

Фото: gov.kz

25.08.2023, 19:30 211

Құтқарушылар Глубокое ауданында шұңқырға құлап кеткен ер адамға көмектесті.

25 тамызда түнгі уақытта үйіне қайтып келе жатқан ер адам Ушанов көшесінде шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының мамандары тереңдігі 25 метр болатын шұңқырға түскен. «Жедел жәрдем» қызметінің фельдшері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аяғын таңып берген.  

Содан кейін ТЖ қызметінің мамандары 1975 жылы туған ер адамды зембіл қолданып көтеріп шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив